Бейжің-2022: отандық спорт комментаторлары жұмысын бастады

Бейжің-2022: отандық спорт комментаторлары жұмысын бастады

Бейжің Олимпиадасының ашылуын көрсетуге отандық спорт комментаторлары да сақадай сай отыр. Олардың жұмысы ақпанның екісінен басталған.

Қазір спорт сүйер қауыммен қатар спорт комментаторларының күптен күткен сәттінің басталуына бірнеше сағат қалды. Үйреншікті жұмыс болса да, олар соңғы төрт жылдықтың басты спорт додаларының бірі алдында толқыныстың барын жасырмады.

Айбек Қабылша, спорт комментаторы:

– Біз де, спортшылар да, жанкүйер де бұл Бейжіңдегі бәсекені көп күттік. Қазақстанның атынан 34 спортшы жібердік. Енді солардың тілеуін тілейміз. Жалпы сексеннен аса трансляция көрерменге тікелей эфирден ұсынылады. Алты жыл бойы талай спорттық бәсекелерді жүргізсем де, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты және жабылу салтанатын жүргізу менің өмірімде бірінші рет болайын деп тұр. Сондықтан толқыныс бар.