Бейжің-2022: бүгінгі сайысқа қатысатын спортшыларымыз

Бейжің-2022: бүгінгі сайысқа қатысатын спортшыларымыз
Хабар 24

Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында бірқатар спортшымыз сынға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конькиден әйелдер арасында 3000 метр қашықтыққа Надежда Морозова шығады. Трамплиннен секіруге Сергей Ткаченко, Данил Васильев қатысады.  Шаңғы жарысында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Валерия Тюленева бақ сынайды. Ал шорт-тректе Әділ Галиахметов және аралас эстафетада Абзал Әжгалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан сайысқа түседі.