Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына 91 делегация қатысты 

Форбс журналының жазуынша, Қытайдағы қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында америкалық, канадалық және ресейлік спортшылардың киімі ең сәнді деп танылған. Бұл іс-шара кеше Бейжіңдегі ұлттық стадионда өткен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атлеттер шеруіне 91 делегация қатысты. Жалпы дүбірлі додада спорттың 7 түрінен 15 пән бойынша 109 медальға талас бар. Қазір Қытайда covid-19-ға қатысты шектеу шаралары күшейтілген. Елге кіру үшін екі рет ПТР-тест тапсыру керек. Ал спортшылар күн сайын тексеріліп отырады. Одан бөлек додаға қатысушылар мен делегация өкілдеріне қалаға шығуға тыйым салынған. Ал Олимпиада қалашығына сырттан адам кіре алмайды.