Сарапшы: Отандық шаңғы спортында проблема көп

Сарапшы: Отандық шаңғы спортында проблема көп

Спортшыларымыз Виталий Пухкало, Евгений  Величконың тәжірибесі мол. Олар бірнеше Олимпиада мен Әлем чемпионатына қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан біздің спортшыларды әлемнің үздік 30 шаңғышысының қатарынан көреміз деп ойлаймын. Шаңғы жарысынынан ұлттық федерация төрешілер алқасының төрағасы Евгений Кисляков осылай дейді. Дегенмен Қазақстандағы шаңғы спорты саласында проблема көп екенін айтады.

Евгений Кисляков, шаңғы жарысының Ұлттық федерациясының төрешілер алқасының төрағасы:

– Ең үлкен проблемалардың бірі қазір бізде шаңғы жарасы бойынша Ұлттық федерациясның президенті жоқ. Ұлттық федерация жұмыс істеп жатқан жоқ. Істегенның өзінде қашықтан шығады. Орталықтанған басқару жүйесі болмаған соң нәтиже де болмайды. Балалар мен жасөспірімдер спортының дамуында да қордаланған мәселелер көп.