«Менімен бірге болғандарыңыз үшін рақмет». Юлия Галышева жанкүйерлерге алғыс айтты

«Менімен бірге болғандарыңыз үшін рақмет». Юлия Галышева жанкүйерлерге алғыс айтты
Inbusiness.kz

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева Бейжіңдегі сәтсіздіктен соң жанкүйерлерге жазба арнап, көпшілікке рақмет айтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Менің ең алғашқы Олимпиадам 2010 жылы басталды. Бүгін көзді ашып жұмғанша 2022 жылға келіп қалған екенбіз. 2010 жылы Канадада - 11-орын, 2014 жылы Ресейде - 7-орын. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда - 3-орын, 2022 жылы Қытайда - 11-орынға ие болдым. Осы жолды менімен бірге өткен жандарға көп рақмет! Мен қуана қайталағым келетін ұмытылмас сәттер өте көп», - деп жазды спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасында Юлия Галышева екінші финалға дейін жетті. Өкінішке қарай, трамплиннен секіру барысында қателік жіберіп, қысқы ойындарды 11-ші орынмен аяқтады.