Жанна Мамажанова Франциядағы марафонда топ жарды

Францияның Салон-де-Прованс қаласында 10 шақырымдық марафон аяқталып, қазақстандық Жанна Мамажанова жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Марафонда Мамажановаға ешкім тең келген жоқ. Ол аталған шақырымды 33 минут 56 секундта жүгіріп өткен. 

Бұл Мамажанованың биылғы маусымдағы алғашқы жеңістерінің бірі.