Футболдан Қазақстан құрамасы үздіктер қатарында

Футболдан Қазақстан құрамасы үздіктер қатарында

Ұлттық құрама рейтингтегі орнын сақтап қалды. Еуропа чемпионатынан кейін кәрі құрлықтағы футбол қауымдастықтарының одағы үздіктер тізімін жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде Қазақстан 4 сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, Нидерландыда өткен чемпионатта жерлестеріміз ширек финалға дейін жетіп, соңғы сында Украинаға есе жіберген. Яғни алдыңғы төрттікке ілікпеді. Бірақ қосымша көрсеткіштердің арқасында бұрынғы орнын сақтап қалды. Үшінші орында қола жүлдегер атанған Испания құрамасы тұр. Ал финалда есе жіберген Ресей бір саты жоғары жайғасты. Топ басында Португалия құрамасы. Олар осымен 2 мәрте құрлықтық додада жеңіске жетіп отыр. Ал Қазақстан құрамасын жарыс жолынан шығарып тастаған Украина рейтінгің 8 сатысына көтерілді. Бұған қоса, алдыңғы ондықта Хорватия, Сербия, Әзірбайжан, Италия және Чехия командалары бар.

Еске сала кетейік, чемпионат нәтижесінде қазақстандық Біржан Оразов үздік шабуылшы атанған болатын. Ол 7 рет гол соғып, 2 мәрте нәтижелі пас берді.

КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕКККЕ ДАЙЫНДЫҚ

Бірер күннен кейін тағы бір жерлесіміз октагонга шығады. Бұл жолы Сергей Морозов UFC 271 турнирі аясында бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен жолығады. Қарсыласы бүгінге дейін 31 жекпе-жек өткізіп, 27-сінде жеңіске жеткен. Сергейдің көрсеткіші 22 жекпе-жек, 17 жеңіс. Жеңіл салмақтағы айқас 13 ақпан күні өтеді. Жекпе-жек кеші Хьюстон қаласында ұйымдастырылмақ. Оның аясында орта салмақтағы Исраэль Адесанья мен Роберт Уиттакер чемпиондық белдікті сарапқа салады. Ал қазақстандық және бразилиялық спортшылардың кездесуі тізімде екінші тұр. Яғни елорда уақытымен таңғы 05-терде басталады. Бұл Сергей Морозов үшін UFC төріндегі үшінші айқас болмақ. Айта кетейік, жуырда таға тағы бір жерлесіміз Шавхат Рахмонов UFC аясында үшінші жекпе-жегін өткізді және үшеуінде де жеңіске жетті.