Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіге алдағы жоспары жайлы жазды

Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіге алдағы жоспары жайлы жазды

Әлем чемпионы болатын уақыт келді. Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіге алдағы жоспары жайында жазды.

«Америкаға аман-есен жеттік. Бұйыртса жаттығуды бастаймыз. Әлем чемпионы болатын уақыт келді» дейді қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, Жәнібек WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белдікке таласуға мүмкіндік алды. Тіпті ол өзін дивизион патшасымын деп жариялап, қазіргі чемпион Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырған болатын. Жәнібек соңғы рет былтыр жұдырықтасты және бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты жеңді. Осылайша бүгінге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында да басым болды. Оның алтауы уақытынан бұрын аяқталды.