УЕФА рейтингі: футзалдан Қазақстан құрамасы қай сатыда тұр?

УЕФА рейтингі: футзалдан Қазақстан құрамасы қай сатыда тұр?
kazfootball.kz

Рикарду Кака шәкірттері әлемдік рейтингте төртінші орынды сақтап қалған. Құрамамыздың еншісінде 2367,187 ұпай бар, делінген УЕФА-ның сайтында.

EURO-2022 турнирінде В тобында бақ сынаған Қазақстан құрамасы Финляндия, Словения және Италия құрамаларын артқа тастап көш бастаған болатын.

Ширек финалда жерлестеріміз Украинаға 2:4 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.

Жаңартылған рейтингте топ басында қазіргі Еуропа чемпионы Португалия тұр.

Екінші орынға турнирдің күміс жүлдегері Ресей, үшінші орынға EURO-2022 қола жүлдегері Испания жайғасқан.

Футзалдан УЕФА-ның жаңартылған рейтингі:

  1. Португалия – 2693,758
  2. Ресей – 2547,159
  3. Испания – 2488,909
  4. Қазақстан – 2367,187
  5. Хорватия – 2051,042
  6. Сербия – 2050,143
  7. Әзербайжан – 2015,589
  8. Украина – 2009,816
  9. Италия – 1934,516
  10. Чехия – 1887,535.