Бейжің-2022: Кезекті жарыс күні қалай өтті

Бейжің олимпиадасы бел ортасына келіп жетті. Бүгінге дейін ондаған медаль жиынтығы сарапқа салынып, Германия, Норвегия, Австрия сияқты елдер жалпы есепте топ басына таласып әлек. Ал біздің қоржын әзірге бос. Спортшылар барын салып, қолдан келгенше жанталасып жатыр. Басы-қасында жүрген мамандар одан сайын қайрай түсуде. Бірақ бәрібір, ашығын айту керек, көп жерде шеберлік жетіспейді. 

Бүгінге дейін шорт-трек шеберлері ғана тәуір өнер көрсетті. Аралас эстафетада 5-ші сатыға тұрақтаса, 1500 метрде Әділ Ғалиахметов 8-ші орын алды. Қай-қайсы да отандық шорт-трек үшін тарихи жетістік болып саналады. Айтпақшы, Әділдің финалға шығуына бейнеқайталау көмектесті. Яғни, төрешілер жарысты тағы бір қарап, қытайлық қарсыласының ереже бұзғандығын анықтады. Сәйкесінше, кейінгісі жарыстан шеттетілді, ал жерлесіміз соңғы сынға шықты. 

Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері:

– Бізге керемет сарайлар емес, жаттығуға қолайлы базалар қажет. ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов әлеуметтік желідегі сындарға қатысты осындай пікір білдірді.

Оның ішінде шаңғышы Виталий Пухкало әріптесімізге берген сұхбатында «шетелдерге көп шығу керек, елде ондай жағдай жоқ» деп мәлімдеген болатын. Оның алдында фистаил-акробатика шебері Жанбота Алдабергенова да «Қазақстанда жаттығуға қолайлы жағдай жоқ, сондықтан сыртта шынығамыз» деген еді. Күні кеше шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі Әділ Ғалиахметов та елордадағы «Алау» мұз сарайының жарығы аз, бұған қоса, мұзда жаттығуға берілетін уақыт жеткіліксіз» екенін айтты. Енді олимпидалық комитет осының барлығына сараптама жасап, қысқы ойындардан кейін инфрақұрылым мәселесіне, оның ішінде спортшыларға өз елімізде қолайлы жағдай жасауға жіті көңіл бөлмек.

Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры:

– Бейжің төріндегі Олимпиада отандық спорттағы осы және өзге де былықтардың бетін ашты. Елдегі жауапты мамандар да қарап отырған жоқ. Жуырда ғана Спорт және денешынықтыру істері комитетінің тізгінін алған Самат Ерғалиев өңір-өңірді аралап, спорттық мектептердің жағдайын, дайындық бағдарламаларын және бапкерлердің біліктілігін бақылап, көкейкесті деген мәселелерді бірлесе шешудің жолын іздеп жүр.

Мәселен, өткен аптада ғана арнайы топ Ақмола облысында болып, аталған бағыттар бойынша сараптама жүргізді. Енді дәл осындай жұмыстар Солтүстік Қазақстанда атқарылып жатыр. Бүгін олар 10-ға жуық спорттық нысанды аралап, жергілікті мамандармен тілдесті. Пікір алмасты. Ұсыныстарын естіді.

Самат Ерғалиев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

– Олимпиада рекорды жаңарды. Нидерландық Ирене Схаутен 5 мың метрге конькимен жүгіруден үздік көрсеткішті тіркеді. Ирене аталған аралықты 6 минут 43,51 секундта бағындырды.

Бұған дейінгі рекорд германиялық Клаудии Пехштайнға тиесілі еді. Ирене мәреге шамамен 3 секунд ерте жетті. Сәйкесінше, 29 жастағы спортшы өз елінің қоржынына кезекті алтынды салды. Үздік үштікті Канада мен Чехия спортшылары түйіндеді.

Айта кетейік, Ирене Схаутен Бейжің олимпиадасында осымен 2-ші рет рекорд жаңартып отыр. Бірер күн бұрын 3 мың метрлік бәсекеге қатысып, алдына жан салмап еді. Соның арқасында Бейжіңде 2 алтын медаль алған алғашқы спортшы атанды.

Ұлттық құрамадағы қыз-жігіттердің жолы болған жоқ. Ең негізгі үмітіміз Надежда Морозова 3 шақырымдық сында 13-ші сатыдан ғана табылды. Қалған нәтижелер, тіптен, төмен.

Ал жапониялық Аюму Хирано сноубордттан олимпиада чемпионы атанды. Бұл жетістікті сала мамандары сенсацияға балап жатыр. Хафпайп бағытындағы жарыста жергілікті жігіт 96 ұпай жинады. Бұл оның сенімді түрде бірінші орынға жайғастуына мүмкіндік берді.

Үздік үштікті Австралия және Швейцария спортшылары түйіндеді. Олардың ұпай көрсеткіші, сәйкесінше, 92 және 87-ге тең. Ал жарыстың ең басты фавориті, осыған дейін 3 бірдей қысқы ойындарда топ жарған Шон Уайт бұл жолы тек 4-ші орыннан табылды. Америкалық спортшы 85 ұпай жинады.

Айта кетейік, сноуборд бойынша бәсекелер 15-ші ақпанға дейін жалғасады.

Қазақстан бірінші орында. Бейжің төрінен осындай тосын жаңалық алдық. Яғни, қысқы ойындарда топ жарғандарға әр елдің тағайындаған сыйақы мөлшерлері белгілі болды. Тізімді Қазақстан бастап тұр. Яғни, бізде алтын алған спортшыға 250 мың, ал күміс пен қолаға, сәйкесінше, 150 және 75 мың доллардан беріледі. Тіпті, 4-ші, 5-ші және 6-шы сатыға тұрақтағандарға да сыйақы қарастырылған. Мәселен, шорт-трек шеберлері аралас эстафетатада 5-ші орын алған еді. Соған сәйкес, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және  Яна Хан 10 мың доллардан алады. Жалпы тізімде Қақстаннан кейін Әзірбайжан тұр. Онда чемпионға 248 мың доллар беріледі. Көрші Ресейдегі көрсеткіш 61 мың, АҚШ-та  37, Германияда 22, Канадада 16 мың долларды құрайды. Бірақ, өкініштісі сол, бүгінге дейін жерлестеріміз жүлдеге іліккен жоқ.

Ал Бейжіңдегі ойындардың өзі 20 ақпанға дейін жалғасады. Соңына дейін үмітті үзбей, жерлестерге сәттілік тілейміз.