Бейжің-2022: биатлоншыларымыз төмен нәтиже көрсетті

Бейжің-2022: биатлоншыларымыз төмен нәтиже көрсетті

10 шақырымдық спринтік сайыста Александр Мухин мен Владислав Киреев жарыс жолына шыққан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екеуі де нысана көздеуден мүлт кеткен жоқ. Бірақ шаңғымен жүгіруден көш соңында қалып қойды. Бірі мәре сызығын 49, екіншісі 77 болып кесті.

Жандос Айтбайұлы, тілші:

– Биатлоншы жігіттер үшін Бейжің олимпиадасы аяқталды десек те болады. Қазақстан құрамасына білікті бапкер ғана емес, шаңғымен биатлонға ғылыми тұрғыданда үлкен жұмыстар қажет секілді. Нысана атуда нәтижеміз жаман емес шығар. Алайда шаңғымен жүгіргенде қыз-жігіттеріміз шабандық танытты. Неге бұлай деген сауалға мамандар жауапты бүгіннен бастап іздеу қажет. Болмаса төрт жылдан кейінде дәл осы жағдай қайталанады. Бүгін 10 шақырымдық спринтік қашықтықта Александр Мухин мен Владислав Киреев жарыс жолына шыққан еді. Ел намысын қорғаған экеуіде нысана көздегенде бір ғана қателік жіберді. Мәре сызығын 49 болып кескен Мухин із кесу жарысына жолдама алса, 77 болып келген Киреев жүктерін жинап елге қайтады.

Мүлт кеткендердің ішінде Норвегиялық ағайындылар Тарей мен Йоханнес Бёлар бар. Бірақ шаңғымен жүгіргенде шашасына қар жұқпаған биатлоншылардың бірі олимпиада чемпионы атанса, Тарей қола жүлдегер. Күміс жүлде француз биатлоншысының қанжығасында кетти.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Дәурен Жұрхабаев