Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды

Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды
Slon.fr

УЕФА басшысы Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Аренада» өтуі тиіс Чемпиондар лигасының финалын Парижге ауыстырды.

Енді финал 28 мамырда Франция астанасындағы «Стад де Франс» стадионында өтеді.

Мұндай шешім Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қабылданып отыр. Бұл туралы одақтң баспасөз қызметі хабарлайды.

УЕФА-ның атқарушы комитеті финалды өткізетін орынды ауыстыру мәселесін қарау үшін шұғыл отырыс өткізетінін хабарлағанбыз.