Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына бес үміткер таласты.

Елордада Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХХІ сайлау конференциясы аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитет мүшесі және «Шахтер» футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Әділет Бәрменқұловқа дауыс бергендердің саны – 14. Ал жалпы дауыс берушілердің саны – 26.

Дауыс беру қорытындысы:

Әділет Бәрменқұлов – 14 дауыс

Берік Қаниев – 11 дауыс

Давид Лория – 1 дауыс

Қайрат Оразбеков – 0 дауыс

Ерлан Жарылқасынов – 0 дауыс