Паралимпиада 2022: қазақстандық спортшы қанша сыйақы алады

Паралимпиада 2022: қазақстандық спортшы қанша сыйақы алады
Zakon.kz

Қазақстандық спортшы Александр Герлиц Бейжіңдегі Паралимпиаданың 4×2,5 эстафетасында бесінші орынға жайғасып, мемлекеттен алатын сыйақысын арттыра түсті, деп жазады Vesti.kz

Мемлекеттен Герлиц 75 мың доллардың биатлон сайысында қола жүлдеге қол жеткізгені үшін алады. 

Одан бөлек, ол шаңғы жарысында үш мәрте, биатлонда бір рет бесінші болып мәре сызығын кесті. Әрбір бесінші орын үшін Александр 10 мың долларға ие болады. 

Осылайша, отандасымыздың Паралимпиада қорытындысы бойынша алатын жалпы сыйақы көлемі 115 мың доллар немесе 59 миллион 225 мың болады.