Ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы ұтты

Ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы ұтты

УЕФА Ұлттар лигасы аясында қос құрама Кишенев қаласында кездескен. Алаң иелері есеп ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші кезең соңына қарай Ион Николаеску мергендігімен көзге түсті. Ал ұлттық құраманың жігіттері екінші кезеңде белсенді ойнады. 63-минутта Сергей Малый таразы басын теңестірсе, артынша Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманы алға шығарды. Қортынды есеп 1:2.

Айта кету керек, қазақстандық футболшылар үшін бұл көптен күткен жеңіс. Өйткені, ең соңғы рет 2020 жылдың қыркүейгінде ғана сырт алаңда ұтты. Ол кезде дәл осы ұлттар лигасы аясында Литвамен кездескен еді. Одан кейін ресми 13 ойынға қатысып, 9-ында есе жіберді. 4-еуі тең аяқталды. Енді Қазақстан мен Молдова 29 наурызда қарымта матч өткізеді. Екі ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тарап «С» тобында қалады. Ал есе жібергені төменгі топқа сырғиды.