Футболдан ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы жеңді

Футболдан ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы жеңді
Sports.kz

Футболдан УЕФА ұлттар лигасы жалғасып жатыр.

Іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Молдова құрамалары қарымта мачт өткізді. Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуде қонақтар есеп ашты. 13-минутта Игорь Армаш мергендігімен көзге түсті және осы нәтиже ойын соңына дейін өзгермеді.

Айта кетейік, Кишинев қаласында болған алғашқы мачта 2:1 есебі тіркелді. Яғни қос ойын қортындысы бойынша тараптар тең түсіп тұр. Сондықтан қосымша тағы 30 минут берілді. Бірақ мұнда да таблодағы есеп өзгермеді. Ал матч соңындағы пенальти сериясында жерлестердің жолы болды. Шешуші голды Георгий Жуков соқты. Осылайша, Андрей Карпович баптайтын жігіттер «С» тобындағы орнын сақтап қалды. Бұл топта бізден бөлек Беларусь, Словакия және Әзербайжан құрамалары бар.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Енді олимпиада шығармашылық сайыстар мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері ЖОО-на конкурссыз түсуге мүмкіндік алады. Қазір құзырлы министрлік арнайы тізімді әзірлеп жатыр. Оған соңғы үш жылда осындай жетістікке жеткен оқушылар мамандығы мен пәні сәйкес келсе, үміткер бола алады. Оқушыларды ынталандыру үшін алтын, күміс, қола медаль иегерлеріне 1500, 1000, 500 АЕК мөлшерінде 1 жолғы сыйақы беріледі. 150, 100, 50 АЕК көлеміндегі мұндай қолпаштау мұғалімдерге де көрсетіледі. Аталған нормативтік актіге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Сенат қарауында. Еске салайық, былтыр 26 оқушы халықарылық деңгейдегі байқауларда жоғарғы нәтиже көрсетті. 

 

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Ересектердің жеңіс жолын ізбасарлары жалғастырды. Тәжікстан астанасында велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күндері жасөспірімдер арасындағы бәсеке өтті. Бұл сында ұлттық құрама спортшылары 9 рет жүлдегерлер тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, «Нұр Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері Алексей Ваганов пен Ақпейіл өсім алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды. Ерлер арасында тағы бір қазақстандық Максим Тараскин күміс жүлдегер болса, Илья Карабутов үздік үштікті түйіндеді. Қыздар арасында Бота Батырбекова мен Алина Спирина өз қашықтықтарында екінші орынға тұрақтады. Дария Қазақбай қолаға қол созды. Айта кетейік, Душанбедегі бәсеке 25 наурызда басталған еді. Оған 17 елден жүздеген қатысушы жиналып, 5 күн бойы өзара мықтыны анықтады.

ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІК САРАПҚА САЛЫНДЫ

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті. Бұл сынға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Мексика былғары қолғап шеберлері қатысты. Үміткерлер арасында кәсіпқой боксқа енді ғана ауысқан жас боксшылармен қатар тәжірибелі жігіттерде де бар. Атап айтсақ, Ділшат Нұрым мен Торғынбек Әміров және Михаил Коханчик пен Нұрдос Төлебай және Талғат Шәйкендер өз қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Жұрт қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Фаррух Жураев жекпе-жегін асыға күткен еді. Қамшыбек кездесуді ұзаққа созбады. Екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. Ал осы кештің тұздығына баланған кездесу жерлесіміз Рай Сейтіжанов пен мексикалық Хосе Масиас Энрикес арасында өтті. 10 рануттық кездесуде ұпай санымен жеңіске жеткен Рай Сейтіжанов WBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанды.

БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

Ел үздіктері анықталып жатыр. Елордада белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты басталды. Оған барлық аймақтан 500-ге жуық қатысушы жиналды. Енді 3 күн бойы 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Нәтижесінде, үздік атанғандар ұлттық құрамаға алынып, кешенді дайындықты бастайды. Сәйкесінше, алдағы халықаралық додаларда да дәл осы спортшылар ел намысын қорғамақ. Белбеу күресі шеберлері үшін жылдың басты бәсекесі қазан айында өтетін әлем чемпионаты саналады. Оны биыл Өзбекстан қабылдайды. Ішкі біріншілік аясында күрестің кураж түрі бойынша да жарыс ұйымдастырылмақ. Түркі елдеріне ортақ жекпе-жек қазір Азия ойындары бағдарламасына қосылды. Сондықтан дәл осы додада ерекше көзге түскендер, құрлықтық аламанға қатысуға мүмкіндік алады.