«BAQ Liga»-ның кезекті жеңімпаздары анықталды

Футболдан журналистер арасында өткен «BAQ Liga»-ның кезекті жеңімпаздары анықталды.

Осымен оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылған жарысқа 13 команда қатысты. Оларды екі топқа бөлген. Биыл «Қазмедиа» командасы А лигасында топ жарды.

Екінші орын «Жетінші» арнаға бұйырса, үздік үштікті «Натгео» /NatGeo/ командасы түйіндеді.

Б тобында «Еуразия» ұжымы жеңіске жетті.

Ал танымал журналист, атақты спорт комментаторы Амангелді Сейітхан атындағы арнайы жүлде «Хабар 24» телеарнасының шығарушы редакторы Қанат Базылханға табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және кубокпен марапатталды.