Бұрынғы танымал футболшы бокс турнирінде бақ сынайды

Бұрынғы танымал футболшы бокс турнирінде бақ сынайды
Матч ТВ

Футболдан Нидерланд құрамасының бұрынғы ойыншысы Дирк Кейт 29 қазан күні Роттердамдағы танымал адамдар арасында өтетін бокс турниріне қатысады. Бұл туралы De Telegraaf хабарлайды.

Жекпе-жектер Hit It көңіл көтеру шоуының аясында ұйымдастырылады. 41 жастағы Кейттің қарсыласы әзірге белгісіз. Бірақ ол да спорттың өзге түрінің өкілі деген болжам бар.  

«Футболдан шыққанмын, мынадай қысымды сағынғаным рас. Бұл Нидерланд құрамасының ойындарына ұқсас болады. Мен үшін бұл нағыз сынақ. Қолайлы аймақтан шығып, спорттың өзге түрімен шұғылданамын. Алдағы бірнеше ай бойы жаттығу жасаймын», – сказал Кейт.

Кейт Нидерландтың «Утрехт», «Фейенорд», Түркияның «Фенербахче» және ағылшынның «Ливерпуль» клубтарында өнер көрсеткен. Кәсіби деңгейде соңғы матчын 2015 жылы өткізген, сонан соң «Квик Бойз» әуесқой клубында ойнады.

Ұлттық құрама сапында 104 матч өткізіп, 23 гол соқса, 20 рет нәтижелі пас берген. Құрама сапында әлем чемпионатының (2014) және Еуропаның қола жүлдегері (2004) атанса, 2010 жылғы әлем біріншілігінде финалға шыққан.