Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына аттанды

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына аттанды

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионатына аттанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұрымды балуандар Азия чемпионатына соңғы дайындық жұмыстарын Моңғолия астанасы Ұлан-баторда пысықтайды. Күрес түрлерінен Азия чемпионаты 19 сәуір мен 24 сәуір аралығында Моңғолияда өтеді. 

Айта кетерлігі, құрлықтық біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды.

Олар: 

50 келі: Айгүл Нұрәлім; 

53 келі: Жұлдыз Ешімова; 

55 келі: Алтын Шағаева; 

57 келі:  Нилуфар Райымова; 

59 келі: Диана Каюмова; 

62 келі: Аяулым Қасымова; 

65 келі: Дариға Әбен; 

68 келі: Мадина Бақбергенова; 

72 келі: Жәмила Бақбергенова; 

76 келі: Гүлмарал Еркебаева.