Футболдан Қазақстан премьер-лигасы жалғасып жатыр

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы жалғасып жатыр

«Каспий» топ басына шықты. Кезекті 6-тур аясында Каспий және Атырау клубтары жолықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтау қаласындағы матчты алаң иелері есеп ашты. Бірінші кезең соңында Аслан Әділ мүмкіндігін мүлт жібермеді. Артынша бразилиялық легионер Бисси Да Сильва Матеус  таразы басын теңестірді. Бірақ, 90-шы минутта Алмас Арменов қарымта гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша Каспий 6 ойынның 4-еуінде басым болып, турнир тізімінің бірінші сатысына көтерілді. Ал, Атырау әзірге 9-шы орында.  Үздік үштікті Қайрат пен Тобыл түйіндеп тұр.  Қос команда бұл жолы Қостанайда кездесіп, 2:2 есебмен тең тарқасты. Ал, турнир тізімінің алдыңғы 5-тігіне кіретін Шахтер Тараз қаласында есе жіберді. Жергілікті комдағаға қарсы матч 2:1 есебімен аяқталды. Бұдан бөлек, 6-шы тур аясында Тұран мен Ордабасы, Қызылжар мен Ақтөбе тең ойнады. Ал, Мақтарал Ақсуды ұтып, 3 ұпайға ие болды. Жоғарғы лига ойындары 22 сәуірде жалғасады.

ТАШКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТТІ

Нәтижесінде ұлттық құрама спортшылары 3 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Қоржында 1 күміс пен 2 қола.  Топтық сында қазақстандық қыздар 1 күміс пен 1 қола ұтып алды. Бұған  қоса, көпсайыс сынында үздік үштікті түйіндеді.

«ПАРИЖ – РУБЭ» ВЕЛОЖАРЫСЫ 

«Астана» бір мезетте үш жарысқа қатысты. Кәрі құрлықта велоспорт бәсекелері жанданып жатыр. Мәселен, Жуырда ғана Италияда 6 кезеңнен тұратын «Сициялия туры» аяқталды және оның нәтижесінде қазақстандық клуб сапындағы  Винченцо Нибали  4-ші сатыға тұрақтады. Ал, Францияда «Париж-Рубэ» біркүндік жарыс өтті. Нәтижесінде, голландиялық Дилан ван Барле топ жарды. Ол 257 шасқырымда 5 сағат 37 минутта бағындырды. Ал, «Астана» шабандоздары арасынан ең тәуір көрсеткішке  Мануэле Боаро қол жеткізді. Ол жалпы есепте 97-ші сатыдан табылды. Бұған қоса, Түркияның таулы қыратты аумағында дәстүрлі «Түркия туры» ұйымадастырылды. 6 кезеңге созылған жарыста аргентиналық Эдуардо Сепульведа жеңіске жетті. Ал, қазақстандық клуб мүшесі Николя Винокуров жалпы есепте 24-ші орынға жайғасты. Ол соңғы кезеңде мәре сызығын 33-ші болып кесті. 

С. АЛЬВАРЕС: ҚАЗАҚСТАНДА МЫҚТЫ БОКСШЫЛАР КӨП  

Қазақстанда мықты боксшылар көп. Мексикалық Сауль Альварес жерлестерімізге қатысты осындай пікір білдірді. Ол америка төрінде Сүлеймен Промоушн жігіттерімен бірлескен жаттығу жиынын өткізген еді. Қанат Орақбаев баптайтын топ, оның ішінде жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Абылайхан Жүсіпов мен Әбілхан Аманқұл және жеңіліссіз келе жатқан Евгений Павлов, Бек Нұрмағамбет, Айдос Ербосынұлылар мексикалық командамен шеберлік шыңдады. Әсіресе, Айдос Сауль Альвареске спарринг қарсылас болып, алдағы кездесу дайындығына көмектесті. Айта кетейік, Канело мамыр айында ресейлік Дмитрий Биволмен жолығады. Егер мексикалық боксшы жеңіске жетсе, күзге қарай Головкин мен Альварес арасында үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін.

САУЛЬ АЛЬВАРЕС, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ

Бірер апта бұрын қатарымызға қазақстандық боксшылар қосылды. Жігіттер шетінен мықты. Жалпы  қазақ елінде талантты былғары қолғап шеберлері өте көп. Алдағы уақытта Қазақстанға барып, барлығын өз көзіммен көргім келеді. Ал, менімен шеберлік шыңдаған боксшылар жақын болашақта әлем чемпионы болады. Мен оған сенімдімін. Алға, Қазақстан!