Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды
Vesti.kz

17-24 сәуір аралығында Қызылордада («Еуразия» СК) ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР ААФ сайты.

Алты жарыс күні ішінде еліміздің барлық өңірінен жиналған спортшылар 20 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтайды.

Турнир күнтізбесі:

18 СӘУІР, ДҮЙСЕНБІ

11.00-13.00 Ерлер 55 келіге дейін

16.30-18.30 Әйелдер 45, 49 келіге дейін

19 СӘУІР, СЕЙСЕНБІ

11.00-13.00 Ерлер 61 келіге дейін

15.00-17.00 Әйелдер 55, 59 келіге дейін

20 СӘУІР, СӘРСЕНБІ

11.00-13.00 Ерлер 67 келіге дейін

15.00-17.00 Әйелдер 64,71 келіге дейін

21 СӘУІР, БЕЙСЕНБІ

11.00-13.00 Ерлер 73 келіге дейін

15.00-17.00 Әйелдер 76, 81 келіге дейін

22 СӘУІР, ЖҰМА

11.00-13.00 Ерлер 81 келіге дейін

15.00-17.00 Әйелдер 87 келіге дейін, +87 келі

23 СӘУІР, СЕНБІ

11.00-13.00 Ерлер 89, 96 келіге дейін

15.00-17.00 Ерлер 102, 109 келіге дейін, +109 келі