Путинцева Ыстамбұлдағы турнирді жеңіспен бастады

Путинцева Ыстамбұлдағы турнирді жеңіспен бастады
Tengrinews.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ыстамбұлда WTA 250 сериясындағы турнирдің бірінші айналымында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Оның қарсыласы польшалық Магда Линетт болды. Путинцева 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч екі сағат, 9 минутқа созылды. 

Путинцеваның ендігі қарсыласы швециялық Ребекка Петерсон болады.