Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: кезекті жарыс күнінің жеңімпаздары белгілі

Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: кезекті жарыс күнінің жеңімпаздары белгілі
olympic.kz

Қызылордада ауыр атлетикадан ел чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні тағы 2 медаль жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

76 келіге дейінгілер арасында Аиша Омарова қарсылас шақ келтірмеді. Қарағандылық спортшы қос сайыс қорытындысы бойынша  220 келіні бағындырды. Үздік үштікті Ақмол және Қостанай облыстарының өкілдері түйіндеді. Ал 81 келіге дейінгілер арасында алтын жүлде Алматы қаласының спортшысына бұйырды. Арай Нұрбылекова 221 келіні басынан асырды. Бұл ең мықты деген қарсыласының көрсеткішінен 20 келіге артық. Күміс және қола жүлдені жергілікті Динара Қыпшақбай мен Асылзат Дөненбаева иемденді.

Айта кетейік, күні кеше жеңіл салқмақтағы Зульфия Чиншанло 223 келіні көтеріп, 4 бірдей рекорд жаңартқан болатын.