«Қайраттың» екі ойыншысы Қытай чемпионатына ауысты

«Қайраттың» екі ойыншысы Қытай чемпионатына ауысты
kazfootball.kz

«Қайраттың» бұрынғы ойыншылары Раде Дугалич пен Небойша Косович қытайлық «Мэйчжоу Хакка» клубына еркін агент ретінде ауысты.

Бұл туралы қытайлық клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып prosports.kz хабарлайды.

Екі ойыншы да 2020 жылғы маусымда алматылық клуб сапында Қазақстан чемпионы атанған. Дугалич алматылық клуб сапында 95 ойынға қатысқан (12 гол және 2 нәтижелі пас), ал Косович 72 матч өткізді (9 гол және 10 нәтижелі пас).

Сербиялық қорғаушы «Қайратқа» 2019 жылы қыста ресейлік «Енисейден», ал черногориялық жартылай қорғаушы 2019 жылы наурызда белградтық «Партизаннан» ауысты.