Тайсон ұшақта жолаушыны неге соққыға жыққаны айтылды

Тайсон ұшақта жолаушыны неге соққыға жыққаны айтылды
Vesti.kz

Майк Тайсонның өкілі ұшақта болған келеңсіз жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды vesti.kz.

Бұл жағдайды көзімен көргендердің айтуынша, Тайсонның арт жағында отырған жолаушы ішімдікке сылқия тойып алған және аты аңызға айналған былғары қолғап шеберіне маза бермеген. Нәтижесінде америкалық боксшы бірнеше рет ескерту жасаған.

«Өкінішке қарай, рейсте Тайсон мен жолаушы арасында келеңсіз оқиға болды. Ол маза бермегенімен қоймай, Майкқа суы бар шөлмекті лақтырған», – деп береді Тайсон өкілінің сөзін TMZ.