Путинцева Түркиядағы турнирдің финалына шыға алмады

Путинцева Түркиядағы турнирдің финалына шыға алмады
Sportbox

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан WTA 250 сериялы турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз жартылай финалда ресейлік теннисші Анастасия Потаповадан 6-2, 2-6, 2-6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, ширек финалда Юлия австралиялық спортшы Айла Томляновичті 5-7, 6-2, 6-4 есебімен жеңген болатын.