Қазақстандық таеквондошылар Swedish Open турнирінің жүлдегерлері атанды

Қазақстандық таеквондошылар Swedish Open турнирінің жүлдегерлері атанды
olympic.kz

Қазақстандық таеквондошылар Стокгольмде өтіп жатқан халықаралық Swedish Open G2 турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Жавахирхан Исламов күміс медальге қол жеткізді. Жарыста қарсыластарын қоғадай жапырған отандасымыз тек финалда Нидерланд спортшысына жол берді.

Ал 58 кг салмақ дәрежесінің өкілі Самирхон Абабакиров үздік үштіктен көрінді. Жартылай финалда ол италиялық таеквондошыға есе жіберді.

Осы көрсеткіштің арқасында Исламов 12 ұпай, Абабакиров 7 ұпай еншілеп, халықаралық рейтингтегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.

29 сәуірде басталған аламан 1 мамырда аяқталады.