Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды
Olympic.kz

Грецияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды. Olympic.kz жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады. 

Бірінші жарыс күнінде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшылар өзара мықтыны анықтады. 

Қазақстандық Екатерина Алякина жарыс қорытындысы бойынша 13-ші орынға тұрақтады. Қоссайыс нәтиесі бойынша ол 174 (78+96) ұпайын жинады. 

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 10 мамырға дейін жалғасады.  Қазақстан намысын қорғайға сегіз спортшы аттанды.