Үстел теннисі: қазақстандық спортшылардың әлемдік көрсеткіші жақсарды

Үстел теннисі: қазақстандық спортшылардың әлемдік көрсеткіші жақсарды

Жерлестер көрсеткішін жақсартты. Халықаралық үстел теннисі федерациясы әлемдік рейтингті жаңартып, спортшылардың тізімін жариялады.

Бұл кестеде ұлттық құраманың үздігі  Кирилл Герасименко 37-сатыдан 26-сатыға көтерілген. Ал Айдос Кенжеғұлов 249-орынға жайғасты. Ол бұған дейін 358-ші болып тұрған. Ал Алан Құрманғалиевке қатысты тіпті рекордттық нәтиже тіркелді. Ол бірден 971 саты жоғарылады. Яғни бұған дейін 1269-шы болса, қазір алдыңғы үш жүздіктің қатарында. Қыздар да көрсеткішін жақсартты. Зәуреш Ақашева - 118,  Ая Әлімбаева - 221, ал  Сарвиноз Миркадирова - 237-сатыларда.

Айта кету керек, көпшілігі ересектер қатарына жуырда  қосылып, кәсіпқой мансабын енді бастап жатыр. Ұлттық құрама қазір Алматты қаласында жаттығу жинын өткізіп жатыр. Кешенді дайындық 20 мамырға дейін жалғасады.