Түркиядағы әлем чемпионатында екі спортшымыз жеңіске жетті

Түркиядағы әлем чемпионатында екі спортшымыз жеңіске жетті

Түркияның Ыстамбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың кезекті күні жеңіл салмақтардағы іріктеу сындары өтті. Мәселен, 52 келіде ел намысын Жайна Шекербекова қорғап жатыр. Ол алғашқы айналымда пуэрторикалық Мелоди Варгасты ұтты. Артынша 57 келідегі Карина Ибрагимова румыниялық Клаудия Нечитамен жолығып, төрешілер шешімімен басым болды. Қорытынды есеп: 5:0. Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама сапындағы Валенитна Хальзова мен Алуа Балқыбекова да екніші айналымға өткен еді. Қалған қыздар енді шығады. Түркиядағы додаға бас-аяғы 12 спортшы аттанды. Ал жарыстың жалпы қорытындысы 20 мамырда белгілі болады.

СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ТОП ЖАРДЫ 

Қазақстан қоржынында алғашқы алтын. Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында сурдолимпиада ойындары жалғасып жатыр. Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы бәсекеде жерлетеріміз тағы  да жүлдеге ілікті. Әсіресе грек-рим күресінде Қайратқан Шонку қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Аса ауыр салмақта белдескен жерлесіміз финалда түркиялық Мехмет Усалды ұтты. Осылайша Қайратқан ұлттық құрама сапынан бірінші болып алтын медальға қол созды. Артынша 97 келідегі Асылан Тажиев та финалға шықты. Бірақ соңғы сында Иран спортшысына есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Сонымен қатар орта салмқатардағы Нұржан Асан мен Алдияр Балташевтар үздік үштікті түйінеп, қола жүлде еншіледі. Осылайша Қазақстан құрамасындағы медальдың жалпы саны 22-ге жетті. Оныің 1еуі алтын, 4-еуі күміс, қалғандары қола.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІНІҢ СЕНСАЦИЯЛЫҚ ЖЕҢІСІ

Сенсациялық жеңіс. Қазақстандық Юлия Путинцева жетістігіне осындай баға беріліп жатыр. Жерлесіміз дәл қазір Италиядағы рейтингілік турнирге қатысып жатыр. Юлия екіші айналымда испаниялық Гарбинье Мугурусамен жолықты. Кейінгісі әлемдік рейтингтің алдыңғы ондығына кіреді. Тіпті бірер жыл бұрын топ басында болған еді. Ал Юлия Путинцева 40-шы сатыда. Соған қарамастан тегеурінді қарсылық танытып, кездесуді жеңіспен аяқтапды. Қорытынды есеп: 3:6, 7:6, 6:1. Матчтың өзі 2 сағат 20 минутқа созылды. Осының арқасында Юлия үшінші айналымға шықты және енді Тунис өкілі Онс Жабермен кездеседі. Айта кетейік, осының алдында тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина да үшінші айналымға жолдама алды. Ол соңғы кездесуінде америкалық Лорен Дэвисті ұтты. Италиядағы жарыс 16 мамырға дейін жалғасады.