Юлия Путинцева Римде әлемнің жетінші ракеткасына жол берді

Юлия Путинцева Римде әлемнің жетінші ракеткасына жол берді

Қазақстандық, әлемнің 40-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды  Olympic.kz.

Путинцева үшінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, жуырда Мадрид турнирінің жеңімпазы атанған тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де Жабер жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда екі брейк жасаған тунистік теннисшінің мерейі үстем болды, есеп – 6:3. Содан кейін екінші сетті тағы бір брейкпен тәмамдады, есеп – 6:2