Ұлыбританияда скутермен жарысудан әлем чемпионаты өтті

Ұлыбританияда скутермен жарысудан әлем чемпионаты өтті

Халықаралық сайысқа түрлі елден 30-дан астам үміткер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы бәсеке үшін Лондон көшелерінің бойымен 5 шақырымдық арнайы жол жасалды. Жарысқа түскен жүйріктердің жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан асқан. Швейцариялық скутер шабандоз қара үзіп, алдына жан салмады. Екінші және үшінші орынды Британия мен Үндістан азаматтары бөлісті.