Новак Джокович Римдегі турнирде жеңіске жетті

Новак Джокович Римдегі турнирде жеңіске жетті
btu.org.ua

Сербиялық теннисші Новак Джокович АТР сериясының Masters 1000 категориясы турнирінің финалында грек Стефанос Циципасты жеңді.

Жүлде қоры €5,4 млн құрайтын турнирде серб өзінің 87-чемпиондығына қол жеткізді.

Финал 1 сағат 36 минутқа созылып, 6:0, 7:6 (7:5) есебімен әлемнің бірінші ракеткасының пайдасына шешілді.

Мұның алдында Новак Джокович канадалық Феликс Оже-Альяссимнен басым түсіп, әлемнің бірінші ракеткасы атағын қорғап қалды.