Қазақстандық балуандар Түркияда бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр

Қазақстандық балуандар Түркияда бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр
ҚР ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Түркия командасымен біріккен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Түркияның Ыстамбұл қаласында грек-рим күресінен оқу-жаттығу жиындары өтуде. Қазақстан құрамасының төрт балуаны түркиялық спортшылармен бірге шеберліктерін шыңдауда.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Тұрсынов, Антон Савенко, Әлімхан Сыздықов және Мансұр Шадукаев.