Қазақстандық балуан Азия чемпионатының алтынына таласады

Қазақстандық балуан Азия чемпионатының алтынына таласады

Дәл қазір Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында еркін күрестен құрлықтық дода өтіп жатыр.

17 жасқа дейінгілер бәсекесінде жерлесіміз Асхаб Хаджиев финалға жолдама алды. Ол іріктеу сындарында Тәжікстан, Түркіменстан және Иран спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Енді шешуші белдесуде  үндістандық Парвиндер Сингхпен жолығады.

Айта кетейік, Асхаб 80 келі салмақ дәрежесінде күресіп жатыр. Сонымен қатар тағы екі балуанымыз қола жүлде үшін белдеседі. 65 келідегі Айқын Болатұлы қырғызстандық Темірлан Норузбековпен, ал 71 келідегі Бекарыс Бақытжан ирандық Юнес Шафиемен күреседі. Жарыс жеңімпаздары бүгін анықталады.

Айта кетейік, осының алдында грек-рим күресі шеберлері бозкілемге шықты. Нәтиждесінде ұлттық құрама 170 ұпаймен жалпы есепте үшінші сатыға тұрақтады. Топ басында Қырғызстан және Иран құрамалары. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты 27 маусымға дейін жалғасады.