Күрес түрлерінен ел чемпионатында Алматы облысының әйелдер құрамасы алға шықты

Күрес түрлерінен ел чемпионатында Алматы облысының әйелдер құрамасы алға шықты

Ел үздіктері анықталды. Қарағандыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы белдесулер болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар 10 салмақта сынға түсті. Нәтижесінде жеңіл және орта салмақтарда Марина Седнева, Эмма Тисина, Диана Қаюмова, Аяулым Қасымова және  Елена Шалыгина қарсылас шақ келтірмеді. Ал ауыр салмақтарда Альбина Қайыргелдинова мен Александра Зайцева және алматылық Гүлмарал Еркебаевалар чемпион атанды. Жалпыкомандалық есепте де дәл осы Алматы облысы алға шықты. Оның еншісінде 126 ұпай бар. Үздік үштікке Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының құрамалары кірді. Ішкі біріншілік қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы әлемдік аламандарға дайындықты бастайды.

Эмма Тисина, күрестен Қазақстан чемпионы

Альбина Қайыргелдинова,  күрестен Қазақстан чемпионы

Бұған қоса ел чемпионаты аясында клкссиктердің белдесулері өтіп жатыр. Әзірге 5 салмақтағы үздіктер анықталды. Атап айтқанда, 55 келіде жетісулық Исхар Құрбаев, 63 келіде алматылық Ғалым Қабдунасаров ал 77 келіде қостанайлық Тамерлан Шадукаев алтын медаль жеңіп алды. Ауыр және аса ауыр салмқатарда сәйкесінше Нұрсұлтан Тұрсынов пен Антон Савенко топ жарды. Қалған белдесулер бүгін болады.