Ақмола облысында алғашқы инклюзивті фитнес орталық ашылды

Ақмола облысында халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде инклюзивті фитнес орталығы ашылды.

Қабанбай батыр ауылында бой көтерген нысанда мүмкіндігі шектеулі жандар тегін жаттыға алады. Орталық екі залдан тұрады. Онда кәсіби спорттық құрал-жабдықтар, топтық сабақтарға арналған бөлме бар. 

Айта кету керек, мыңдаған халқы бар ауылда 98 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Қазақстан азаматтарының кірісін дамытуға байланысты қабылданған бағдарламаның шеңберінде өтіп жатқан үлкен жобалардың бірі. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға байланысты көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарын қолдауға бағытталған үлкен бағдарлама. Соның нақты бір көрінісі бүгін міне Динара Наумова қарындасымыз үлкен орталық ашып отыр. Өзінің мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан 70 шақты азаматтарға жұмыс орнын табуға мүмкіндік туғызып жатыр.