Уимблдон финалы: Рыбакина - Жабер кездесуі басталды

Уимблдон финалы: Рыбакина - Жабер кездесуі басталды
ҚТФ

Тенистен ел намысын қорғап жүрген Елена Рыбакинаның Уимблдон ақтық сынындағы кездесуі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешуші матч Тунис спортшысы Онс Жаберге қарсы өтеді. Ол әлемдік рейтінгіде екінші тұр. Ал отандасымыз 23-сатыда. Десе де Рыбакинаның қарқыны жаман емес. Жерлесіміз жартылай финалда румяниялық Симона Халепті айқын басымдықпен ұтты. Соның арқасында өзінің кәсіпқой мансабында алғаш рет және жалпы қазақстандық теннисшілер арасынан бірінші боп Уимболдон турнирінің финалына шықты. Теннистен жылдың басты бәсекесі қазір Ұлыбританияда өтіп жатыр. Отандасымызға сәттілік тілейміз!