Қазақстан азаматтығын алған Кенияның жеңіл атлеті АҚШ-та финалға шықты

Қазақстан азаматтығын алған Кенияның жеңіл атлеті АҚШ-та финалға шықты

Жерлестеріміз финалға шықты. Дәл қазір АҚШ төрінде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесі өтті. Іріктеу кезеңіне Қазақстан азаматтағын алған қос кениялық қыз қатысқан. Оның ішінде Нора Джеруто аталған аралықты 09:01:54 бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал Дэйзи Джепкемей финалға өте алмады. Айта кету керек, Нора тек өз тобында ғана емес, жалпы қатысушылар арасында көш бастап тұр. Енді ол 20 шілде күні финалда медальға қол созып көреді. Шешуші сынға 42 спортшының тек 15-і ғана жолдама алды. Бұған қоса 10 мың метрге жүгіруде тағы бір қазақстандық Каролин Кипкируи ел рекордын жаңартты. Бірақ, финалға өте алмады. Биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая 1.93 метр нәтижесін тіркеп, финалға шықты. Ал үш қарғып секіруде қазақстандық Мария Ефремованың жолы болмады. Оның көрсеткіші 3 метр 27сантиметр. Юджин қаласындағы әлем чемпионаты 24 шідеге дейін жалғасады.

Теннистен халықаралық турнир

Президент кубогі. Дәл осындай атаумен елордада теннистен халықаралық турнир басталды. Бүгінге дейін спортшылар іріктеу сындарына қатысып, өзара мықтыны анықтады. Енді үздіктері негізгі жарыста бағын сынайды. Айта кету керек, жарыс нәтижесінде жеңімпаздарға рейтитгілік ұпай беріледі. Мәселен, әйелдер арасынадғы додада 60 ұпай сарапқа салынбақ. Бұл сында ел намысын Гозаль Айнитдинова, Жибек Куламбаева, Аружан Сагандыкова және Сандугаш Кенжибаевалар қорғайды. Ал ерлер арасында 80 ұпай үйлестіріліп беріледі. Халықаралық турнирге бас-аяғы 10 жерлесіміз қатысып жатыр. Оның ішінде ересек және жастар құрамасындағы қыз-жігіттер бар. Жарыстың жалпы жүлде қоры 130 мың АҚШ долларын құрайды.

Дархан Жармұхамбетов, "Президент Кубогі" турнирі директорының орынбасары:

- Бұл жарыс жыл сайын дәстүрлі өтеді. Оған алыс және жақын шетелдерден теннисшілер жиналды. Ұлттық құрама үздіктері де осында. Яғни,  Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Дмитрий Попко сияқты спортшылармыз бас жүлдеге таласады.