Петропавлда жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасындағы сайыс аяқталды

Петропавлда жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасындағы сайыс аяқталды

Ел үздіктері анықталды. Петропавлда жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасындағы спорттық сайыс мәресіне жетті.

4 жылда бір өтетін бәсекеге бұл жолы 700-ден аса қатыушы жиналған. Оның ішінде жаңадан құрылған облыс өкілдері бөлек команда ретінде қатысты. Олар соңғы 3 күнде 7 бағыт бойынша өзара мықтыны анықтады. Оның ішінде футбол, волейбол сынды командалық және жүзу, тенннис, бильярд сынды жекелей спорт түрлері бар. Бұған қоса, жарыс бағдарламасына қазақ күресі мен тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар да қосылған. Нәтижесінде жалпы есепте 128 ұпаймен Батыс Қазақстан облысының құрамасы топ топ жарды. Үздік үштікті Ақтөбе мен Павлодар облысының өкілдері түйіндеді. Одан кейін тізімде Түркістан және Атырау аймақтарының қатысушылары тұр.

Ермек Досалбаев, жарысқа қатысушы

Ербол Сырғабеков, жарысқа қатысушы