Қазақстанның баскетболшылары Қытайдан жеңілді

Қазақстанның баскетболшылары Қытайдан жеңілді

Қазақстан Қытайға есе жіберді. Баскетболдан 2023 жылғы әлем кубогіне іріктеу жалғасып жатыр. Оның аясында ұлттық құрама өз алаңында Қытай командасын қабылдады.

Елордада өткен матчта қонақтар айқын басымдық танытты. Тек 3-кезеңнің соңына қарай таразы басын теңестірер мүмкіндік болған. Таблода 43:45 есебі тіркелді. Бірақ, жерлестеріміз үмітті ақтамады. Нәтижесінде 56:68 есебімен қытайлықтар жеңіске жетті. Ұлттық құрама капитаны Рустам Мырзағалиев ең нәтижелі ойыншы атанды. Ол айып добын салу кезінде еш қателескен жоқ және матч барысында 14 ұпай жинады. Ал қарсыластар сапынан ең үздік көрсеткішке Чжоу Ци қол жеткізді. Ол өз командасына19 ұпай сыйлады. Айта кетейік, бұл екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матч. Енді қос команда сырт алаңда қарымта ойын өткізеді. Бұған қоса, біздің топта Жапония мен Аустралия құрамалары бар. Іріктеу кезеңі 2023 жылдың ақпан айына дейін жалғасады.

Морозовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Келесі қарсылас белгілі. Қазақстандық Сергей Морозов жуырда ғана UFC ұйымымен жаңа келісімшарт жасасқан болатын. Енді оның кезекті қарсыласы мен кездесу өтетін уақыты анықталды. Жерлесіміз айқас алаңына 17 желтоқсанда шығады. Ал оның  қарсыласы американдық Джурни Ньюсон. Екеуі де UFC промоушінінде 4 кездесуден өткізді. Морозов көрсеткіші 2 жеңіс, 2 жеңіліс. Ал Ньюсон 1 рет жеңіске жетіп, 2 рет есе жіберді. Бұған қоса бір кездесуі аяқасыз қалған. Енді екеуі жеңіл салмақта өзара мықтыны анықтап, рейтингтік көрсеткіштерін жақсартуға тарысады. Айта кетейік, Сергей Морозов ең соңғы кездесуін маусым айында өткізді. АҚШ төрінде бразилдиялық Раулиан Пайваны ұтқан болатын. Кездесу соңына дейін созылып, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды.