А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық велошеру жалғасып жатыр

Ең қиын кезеңдер басталды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық велошеру жалғасып жатыр.

Жоба авторы Ернат Мелсұлы бүгінге дейін 3 400 аса шақырымды артқа тастап, Түркияның Трабзон қаласына табан тіреді. «4 сағаттың ішінде 80 шақырым жолды бағындырдым.  Жалпы Қара теңіздің бойымен ғана 540 шақырым жүрмекпін», – дейді Ернат. Енді бүгін ең ұзақ қашықтықты еңсермек. Яғни екі дөңгелекті серігімен 177 шақырым қашықтықта жатқан Орду қаласына барады. Айта кетейік, Ернат бұл сапарын 5 қыркүйекте бастаған болатын. Содан бері Қазақстандағы 4 облысқа, яғни Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстауға аялдады. Одан кейін Грузияның таулық-қыратты аумақтарын жүріп өтті. Тоқтаған жерлерінде ұлт ұстазының еңбегін насихаттап жүр. Жоспар бойынша ол дәл осылай 55 күнде 5555 шақырымды еңсереді. Яғни велосапар 30 қазан күні Стамбұл қаласында мәресіне жетуі керек.