Маңғыстаулық спортшы белбеу күресінен әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық спортшы белбеу күресінен әлем чемпионы атанды

Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде 12-15 қазан аралығында белбеу күресінен 2002-2004 жылғы жастар мен қыздар арасында Әлем чемпионаты өтті.

Үш күнге созылған бәсекеде 2002-2004 жылы туған 16 елдің 200-ге жуық спортшысы бозкілемде жеңімпазды анықтады. Жалпы есепте 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен Өзбекстан құрамасы топ жарса, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізіп 2-орын алды.

«Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен маңғыстаулық Маржан Қаналиева әлем чемпионы атанды. Бапкерлері - Мелс Жүнісбаев пен Асхат Утесбаев» – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық спорт басқармасы.

Жеке бапкері Мелс Жүнісбаевтың айтуынша, қыздар арасында 66 келі дейінгі салмақта Маржан алғашқы кездесулерінде Моңғолия, Ресей мемлекетінің спортшыларынан басым түссе, финалда қазақстандық спортшымен кездесіп қарсыласын 6:0 есебімен жеңді.