Дәулет Ергеш жастар арасында еркін күрестен әлем чемпионатының күмісін алды

Қазақстандық палуан Дәулет Ергеш 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Испанияда өтіп жатқан додада отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол алдымен пуэрто-риколық балуанмен кездесіп, 10:0 есебімен айласын асырды. Келесі кезеңдерде Украина мен Америкадан келген спортшыларға дес бермеді. Отандасымыздың ақтық сындағы қарсыласы грузиялық Владимир Гамкрелидзде болған. Өкінішке орай, бұл кездесу 3-5 есебімен грузиннің пайдасына шешілді.