Таэквондо: Астанада ел үздіктері анықталды 

Ел үздіктері анықталды. Астанада таэквондоның GTF бағыты бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 400-ден аса қатысушы жиналды. Олар 40 салмақ дәрежесі бойынша медальдарды сарапқа салады. Бұнда жас ерекшеліктері де ескерілген. Яғни 12 мен 14 жастағылар бөлек, 15 пен 17 жастағылар бөлек, өзара мықтыны анықтады. 2 күнге созылған жарыс нәтижесінде жалпыокмандамлық есепте Ақтөбе спортшылары топ жарды. Үздік үштікті Атырау мен Астана құрамасы түйіндеді. Жеңіске жеткен өрендер енді ұлттық құрамаға алынып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Жарыс жеңімпаздарынан бөлек ең үздік техника және  әсерлі жекпе-жек аталымдары бойынша да арнайы кубоктар табысталды.

Самат Шаудырбаев, жастар ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы:

1-орын алғандар ұлттық құрама командасына іріктеледі. Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Осының алдындағы жарысты айта кетсем, Грузия мемлекетінде Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен Грузия мемлекетінен 4 спортшымыз алдын медаль иеленді, 2 спортшымыз күміс медаль, сосын 2 медаль иеленді.