Елімізде спорт медицинасының мамандары тапшы

Елімізде спорт медицинасының мамандары тапшы

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Оңалту орталығы» мен  Қазақтың спорт және туризм академиясы бірлесіп халықаралық семинар ұйымдастырды.

Енді 10 күн бойы қазақ спортының қара шаңырағында шет мемлекеттерден келген білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. Атап айтсақ, Иран ұлттық құрамасының дәрігері Рамин Амирсасан мен Үндістандық Верма Раджи және Белорусь елінің өкілі Евгений Акимовтар диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың жоғары технологиялық әдістеріне сүйене отырып шеберлік сабағын өткізеді. Бұл семинарға еліміздегі спорт мектептерінің және олимпиадалық даярлау орталықтарының дәрігерлері қатысуда. Орталық мамандары алдағы уақыттары спорттық медицина институтын ашуды жоспарлап отыр.

Азамат Нұрматов, спорттық медицина және оңалту орталығының директоры:

- Еліміздің спорт медицинасын дамыту үшін осындай шетелден білікті мамандарды алдыртып, осы біздің мамандармен мастер класс өтіп жатыр. Одан бөлек біздің оңалту орталығының мамандары 10 маман Белорусияға жібердік. Белорус елінде олар өз біліктілігін арттырып жатыр олар осы кезде. Одан бөлек  Литва еліне жібердік 6 маман. Спорттағы реаблитацияны солармен бірге қазір өз біліктілігін арттырып жатыр.