Әлем чемпионаты: Франция финалға шықты

Әлем чемпионаты: Франция финалға шықты

Қатар астанасы Доха қаласында футболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні жартылай финалдық екінші кездесу өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында Франция мен Марокко құрамалары жолыққан болатын.

Көпшілік еуропалық команданы фаворит санады және Дидье Дишам баптайтын жігіттер сол сенімді ақтады. Алғашқы гол 5-минутта соғылды. Авторы – Тео Эрнандес.

Айта кету керек, бұл әлем чемпионаты тарихындағы ең жылдам голдардың бірі. Жартылай финалдағы үздік көрсеткіш 1958 жылы тіркелген болатын. Бразилиялық Вава Францияға қарчы ойында екінші минутта гол соқты.  Ал, Франция-Морокко матчында африкалық команда есепті теңестіре алмады. қанша тынысқанымен барлық мүмкіндік мүлт кетіп жатты. Ал, 79-минутта Франция сапындағы Рандаль Коло Муани мергендігімен көзге түсіп, таблодағы нәтижені еселеді.

Қорытынды есеп: 2:0. Жеңіске жеткен Франция енді финалда Аргентинамен жолығады. Матч 18-ші желтоқсанда өтеді. Ал, Марокко мен Хорватия командалары қола жүлдеге таласады.

Ә дегеннен үздіктер қатарынан табылды. Қазақстандық парахоккейшілер алғаш рет әлем чемпионатына қатысып, жалпы есепте 2-ші орынға тұрақтады. Бұл ұлттық құраманың «С» дивизионынан «В» дивизионына көтерілуге мүмкіндік береді. Міне, осындай тарихи жетістікке қол жеткізген жерлестетеріміз күні кеше елге оралды. Оларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Айта кетейік, дүниежүзілік дода Тайланд астанасы Банкок қаласында өткен болатын. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күндері жергілікті команданы 7:0, Францияны 10:0, ал, Австрияны 9:2 есебімен жеңді. Ал, ақтық сында Ұлыбритания құрамасына ғана жол берді. Сәйкесінше, Ұлыбритания және Қазақстан командалары алдағы жылдан бастап бір саты жоғары дивизионда өнер көрсетеді деген сөз.

Тимур Бекситов, Парахоккейден ұлттық құраманың бас бапкері:

- Қазақстанда спорттың дәл осы бағыты 5 жыл бұрын қалыптаса бастады. Осы аралықта толық команданы жасақтап, олардың шеберлігін шыңдап, әлем чемпионатында топ жаратын деңгейге жеттік. Бұл – үлкен еңбектің және таудай талаптың арқасы. Жігіттер ел намысын абыроймен қорғады және осы жетістікпен тоқтап қалмаймыз. Алдағы жылы «А» дивизионына өтуге тырысамыз. бұған қоса, алдағы паралимпиада ойындарының жодамасын жеңіп алу жоспарлап отырмыз.

ҚАЗАҚСТАН НОРВЕГИЯНЫ ҰТТЫ

Қазақстан Данияны ұтты. Норвегияның Аскер қаласында хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Александр Истомин баптайтын ұлттық құрама бірінші дивизионның «А» тобында өнер көрсетуде және жарыстың кезекті күні Дания құрамасымен жолықты.  Матч жерлестеріміздің айқын басыдығымен басталды. Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына жауапсыз 4 шайба соқты. Яғни, Роман Ермак, Всеволод Логвин және Дінмұхамед Қайыржандар мергендігімен көзге түсті. Әсіресе,  Дінмұхамед дубльдің авторы атанды. Есеп: 4:0.

Айта кетейік, ұлттық құрама алғашқы кездесуінде Францияға 2:0 есебмен жеңілген болатын. Одан кейін Венгрия құрамасын 3:2 есебмен ұтты. Яғни, бұл жолғы жетістік қатарынан екінші жеңіс саналады. Енді жігіттер Словения және жергілікті Норвегия құрамаларымен ойнайды. Әлем чемпионаты 19 желтоқсанға дейін жалғасады. Нәтижесінде үздік атанған командалар элиталы топқа жолдама алады.