Аргентина – әлем чемпионы!

Аргентина – әлем чемпионы!

Драмаға толы матч. Әлем чемпионатының шешуші кездесуіне спорт мамандары осындай баға беріп жатыр.

Ақтық сынға шыққан Аргентина мен Франция Қатардың Лусаил қаласында жолыққан болатын. Алғашқы гол 23-ші минутта соғылды. Аргентина сапындағы Лионель Месси 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Араға 10 минуттай уақыт салып командаласы Анхель Ди Мария да мергендігімен көзге түсіпи, есеп айырмасын еселеді. Франция құрамасы  қанша тырысқанымен, бірінші кезең соңына дейін қарымта доп соға алмады. Бұл әлем чемпионаты тарихындағы антирекорд саналады. Есесіне екінші кезеңде таразы басын таңестірудің амалын тапты. 80-ші минутта Килиан Мбаппе алдымен 11 метрлік айып добын сәтті орындаса, артынша дәл сол Мбаппе таблодағы нәтижені 2:2-ге жеткізді. Қосымша уақытта да қос тарап өзара мықтыны анықтай алмады. 108-ші минутта тағы да Лионель Месси мергендігімен көзге түскен еді. Ал 118-ші минутта тағы да Килиан Мбаппе мүмкіндігін мүл жібермей, хет-рик авторы атанды. Амал жоқ, жеңімпазды матч соңындағы пенальтилер серисында анықтауға тура келді. Бұл сында Аргентинаның жолы болды. Қорытынды есеп: 4:2. Осылайша оңтүістікамерикалық команда араға 36 жыл салып, қайтадан әлем чемпионы атанды. Ал жалпы алғанда үшінші мәрте бас жүлдені иемденіп отыр.

Еске сала керек, Лионель Месси осы жарыс барысында бірнеше рекордтты жаңартты. Ең негізгісі деп әлем чемпионатының барлық кезеңінде гол соққан тарихтағы тұңғыш футболшы атанғанын айтуға болады.