Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил 4 наурызда кездеседі

Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил 4 наурызда кездеседі

Аралас жекпе-жек жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген жекпе-жектің мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі ол алдағы аптада, яғни 14-ші қаңтарда ұйымдастырылуы керек еді. Бірақ амекрикалық спортшының жарақатына байланысты ол кейінге қалдырылды. UFC 285 турнирі Лас-Вегас қаласында болады деген де ақпарат бар. Рахмонов-Нил жұбынан бөлек тағы 8 кездесу өтеді. UFC ұйымы олардың есімін жариялады.

Айта кетейік, Джефф Нил қазір әлемдік рейтингте жартылай орта салмақ бойынша жетінші, ал Рахмонов оныншы орында тұр. Шавкат бүгінге дейін 16 жекпе-жек өткізді. Оның 4-еуі осы ұйым аясында ұйымдастырылды. Ал ең соңғы кездесуі маусым айында Лас-Вегас қаласында болды. Оның аясында тағы бір америкалық Нил Мэнгимен жолығып, екінші раундта қылқындыру әдісімен ұтқан болатын.