Шет ауданына қарасты Жұмыскер ауылында спорт кешені ашылды
Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Жұмыскер ауылында шағын спорт кешені ашылды.
Ескі ғимарат бірнеше жыл, қаңырап бос тұрған. Тұрғындар 5 млн теңгедей ақша жинап, өз күштерімен жөндеп алды. Аудандық бюджеттен де қосымша 2 млн теңге қаржы бөлінген. Ал спорт жабдықтарын демеушілер сыйға тартыпты. Халықтың қуанышында шек жоқ. Мұнда бокс, күрес, теннис, жаттығу залдары бар. «Енді кешенде күндіз балалар шынықса, кеш-кілік ауыл жастарына беріледі», - дейді жаттықтырушы.
Медеу Нәсіпқұл, Жұмыскер ауылының тұрғыны:
- Спорт кешенін салғаны жақсы болды. Ағаларыма рахмет. Бұрындары бізде болмаған. Мектепте жаттығу жасайтынбыз. Өзім бокс үйірмесіне қатысқым келеді.
Нұркен Әрінов, Тағылы ауылдық округінің әкімі :
- Аудандық бюджеттен 5 штат бөлінді. Бір спорт инструктор, бір тренер, екі күзетші, бір техничка. Енді күніге 20 бала дайындалады деп жоспарлап отырмыз.